Павлодарда "Оңай'' аналогынан түсер табыс 26 миллионнан асып түсуі мүмкін

Фотография - Павлодарда "Оңай'' аналогынан түсер табыс 26 миллионнан асып түсуі мүмкін

Инвестор электронды төлем жүйесін енгізуге 4,7 миллион АҚШ долларын салуға дайын

318 0

Павлодардың көлік компанияларына электронды билеттеу жүйесін ұсынған инвестор, ұсыныс іске асқан жағдайда 15 жылда 9,15 миллиард теңге табыс таба алады екен, деп жазады Today.kz жергілікті "Звезда Прииртышья" газетіне сілтеме жасай отырып. Бір доллар үшін 350 теңге деп есептегенде бұл 26 миллтон АҚШ долларын құрайды.

"Электронды төлеу енгізілген соң, Павлодардың автобус пен трамвайларында шамамен 400 бақылаушы болады. Осылайша төлеуден қашатындарды бақыламақ. 4,7 миллион доллар көлеміндегі инвестицияны кореялық фирма құюуға дайын", - деп жазады басылым.

Жобаны іске асыру жоспарын Smart kard компаниясы ұсынған. Келісім-шарт бойынша инвесторға 10,95 пайыз көлемінде сыйақы қарастырылған. №1 автобус паркімен келісім жасалып та қойған және компания жетекшісі Қуаныш Қабиденовтың айтуынша, Палодардың өзге көлік кәсіпорындарымен алдын ала келісім жасалды.

Мұндай құрылғылардың сәтті енгізілуінің үлгісі ретінде Қабиденов "Оңай" жүйесін келтірді. Оның айтуынша, осы арқылы олар көлеңкелі пайдадан 30-35 пайыз табысты шығарып алмақ. Қазір қалада 165 автобус, 70 трамвай және 240 бағыттық такси бар.

Қазақстанның инвестициясының үлесі 65 пайыз, қалған 35 пайызды барлық құрылғыны өндіруші болып келетін Оңтүстік Кореялық серіктес салады. Келісім-шарт 15 жылға деп есептелген.

Павлодар шенеуніктерінің ақпаратынша, қаладағы қоғамдық көлік бір тәулікте орташа алғанда 126 мың адамды тасымалдайды. Ал, Көлік және байланыс ғылыми институтының сараптамасы қалада күнделікті 294 мың адам қоғамдық көлікке мінетіндігін көрсеткен.

Естреіңізге салсақ, Қазақстанда алғашқы электронды төлем жүйесі Алматыда қаңтар айында енгізілген. Қала әкімі Бауыржан Байбек "Оңай" жүйесі көлеңкелі табыстан жеті миллиард теңгені алып шығуға көмектеседі деген. Алматыда бұл жүйенің 2 ақпанға дейінгі табысы 683 миллиард теңге, ал ақпан айының табысы 1 наурыздағы көрсеткіш бойынша 1,07 миллиард теңгеден асқан.

2016 жылдың 26 қаңтарында электронды төлем жүйесі Астанада да енгізілетіні белгілі болды. Бұл туралы қала әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!