Шымкентте асты төмендетілген көліктерге айыппұл салынып жатыр

Фотография - Шымкентте асты төмендетілген көліктерге айыппұл салынып жатыр

Енді серіппесін қырқып, көліктің астын төмендеткені үшін әрқайсысы 30 мыңнан айыппұл төлеуі тиіс.

424 0

Шымкентте 6 дос бірдей "Лада Приора" алып, бәрі 031 нөмірін тағып, онысын ғаламторға жариялаған. Ал мұны көрген жергілікті полицейлер оларды тұраққа жеткізіп, әрқайсына қомақты айыппұл салды деп хабарлайды КТК арнасы.

Сериясы өзге болса да нөмірі бірдей көліктердің қалада тізбектеліп жүргені полицейлерге ұнамаса керек. Құжаттарынан ешқандай кінә таппаған соң олардың техникалық жағдайын тексерген. Енді серіппесін қырқып, көліктің астын төмендеткені үшін әрқайсысы 30 мыңнан айыппұл төлеуі тиіс.

Фото -

Бұған дейін тюнинг жасалған машиналарға мән бермеген полицейлер енді бар жұмысын ысырып қойып, бүкіл Шымкенттен асты төмендетілген көліктерді ұстап қамаймыз деп белсеніп отыр. Бірақ жүргізушілердің өзі қандай заң бұзғанын түсіне алар емес.

"Бізді бір үлкен қылмыс жасағандай осы жерге әкеп жауып қойды. Не үшін тұрғанымызды, бұл жерде не болып жатқанын бізге түсіндіріп жатқан жоқ. Не заң бұздық? Біз осындай бірдей көлік, бірдей нөмірмен жиналып жүреміз қалада бос уақытымызда", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Нұрмұхаммед Тәліпбаев.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!