Елордада балабақшаларға қосымша топтау жүргізіледі

Фотография - Елордада балабақшаларға қосымша топтау жүргізіледі

Жеңілдікті санаттар бойынша құжаттарды жұмыс тобы 1 сәуірге дейін қабылдайды және осы топтау аясында қарайды

364 0

Балабақшаларға топтау барысында №61 мектепте қабылдайтын жұмыс тобына кезек бойынша ата-аналар түгел хабарласпағандықтан мемлекеттік балабақшаларда бос орындар қалды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, 10 наурызда сағат 10.00-18.00 аралығында кезекте 1 - 400 дейінгі орында тұрған ата-аналар, ал 11 наурызда – 401-600 болып тұрғандар жолдама ала алады. Кезекте 600 орыннан кейін тұрған 2014 жылы туған балалар үшін балабақшалардан орын 14 және 15 наурызда берілетін болады. 2013 жылы туған балалардың ата-аналары жолдаманы 16 наурызда (кезектің номері – 1 - 3500) және 17 наурызда (3500 - 5000) алады. 2012 жылы туған балалар үшін жолдамалар 18 наурызда (1 - 6000) және 24 наурызда (6000 - 8000) беріледі. 25 наурызда (1-6000) және 28 наурызда (6000 жоғары) жұмыс тобына 2011 жылы туған балалардың ата-аналары жолыға алады. Ал 29 және 30 наурызда жаңа балабақшаларға жолдамалар биылғы жылдың 1 қыркүйегінде 6 жасқа толмайтын балаларға жолдамалар беріледі.

Топтау аяқталған соң 1 маусымда www.e.astana.kz сайтынан кезектің жылжығанын көруге болады.

Жеңілдікті санаттар бойынша құжаттарды жұмыс тобы 1 сәуірге дейін қабылдайды және осы топтау аясында қарайды. Қаралған өтініш хаттардың нәтижесін 1 - 30 наурызда білуге болады.

Егер құжаттар 1 сәуірден кейін тапсырылса, олар келесі топтау кезінде 2017 жылы қаралатын болады.

Елорда тұрғындары хабарламада көрсетілген кезек номерін топтау кестесінде әрбір жас тобы үшін көрсетілген реттік номермен салыстыруы керек. Егер балабақшаның орналасқан жері ұнамаса, жолдаманы алмауға болады, бұл ретте кезек сақталады. Сондай-ақ, балабақшаларға жолдамалар тұрғылықты жері бойынша емес, бос орындардың болуына қарай беріледі.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!