Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 37 тонна өнім сатылды

Фотография - Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 37 тонна өнім сатылды

Шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған "Ауылдың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі" акциясы аясында ұйымдастырылды

303 0

6 наурыз аралығында "Думан" ойын-сауық орталығының алдындағы тұрақта ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Бір аптаның ішінде астаналық ауыл шаруашылық тауар өндірушілер 3 млн 990 мың теңгенің 37 тонна өнімін өткізген, деп хабарлады Baq.kz.

Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған "Ауылдың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі" акциясы аясында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде Астана қаласының және Ақмола облысының жақын аудан тауар өндірушілерінің жемістер мен көкөністері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон, шұжық өнімдері сатылды.

Азық-түліктердің бағасы қалалық базарлардағы бөлшек сауда бағаларынан 10-15 пайызға төмен болды. Бір килограмм картоп 60 теңгеден, пияз - 50–60 теңгеден, қызанақ – 750–850 теңгеден және т.б. сатылды.

Еске салайық, осындай ауыл шаруашылық жәрмеңкелері елордада отандық тауар өндірушілерді қолдау және сатып алушыларға ыңғайлы болуы үшін жүйелі түрде өткізіледі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!