Өзбекстан Сырдария суымен бөліседі

Фотография - Өзбекстан Сырдария суымен бөліседі

Астанада Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның он бесінші отырысы өтті

311 0

Өзбекстан Оңтүстік Қазақстан облысының шаруаларын егіс уақытында Сырдария суымен толық көлемде қамтамасыз етуге келісіп отыр. Бұл туралы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның он бесінші отырысының қорытындысы бойынша тілшілерге ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.  

"Сарыарқа суын бөлу өте маңызды мәселе. Оңтүстік Қазақстандағы шаруа қожалықтары негізінен бау-бақшаға суды Сырдариядан алады. Жыл сайын облыста, әсіресе Мақтаарал ауданында су мәселесі көтеріледі. Өзбекстан бүгін келісілген көлемде суды толық жеткізетінін мәлімдеді, оған кепілдік беріп отыр. Яғни, егіс уақытында Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары толық көлемде сумен қамтамасыз етіледі деп айта аламыз", - деп хабарласады Б.Сағынтаев.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның он бесінші отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша көрші елдер сауда-экономикалық қарым-қатынас мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!