Елордада Масленица мерекесі аталып өтіледі

Фотография - Елордада Масленица мерекесі аталып өтіледі

Жексенбі күні, 13 наурызда сағат 11:00 "Жастар" сарайының алдындағы алаңда елорда тұрғындары қысты шығарып салады.

243 0

Апта бойы қазақстандық славяндар халық мерекесі Масленицаны тойлауда. Жексенбі күні, 13 наурызда сағат 11:00 "Жастар" сарайының алдындағы алаңда елорда тұрғындары қысты шығарып салады. 

Мерекелік серуенге "Лад" республикалық славяндар қозғалысының елордалық филиалы, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Жиналған қауым халық мерекесін көңілді өткізіп, ойындарға, конкурстарға қатысады, спорттық жарыстарда күш сынасады. Алаңда ұйымдастырылатын шеберлік дәрістері барысында құймақ жасаудың құпияларымен танысуға болады.

Мұнымен қоса, Масленица мерекесі елордада Успенск кафедралды соборы аумағында да аталып өтіледі. Таңертеңнен бастап жәрмеңке өтіп, құймақтар мен қолдан жасалған бұйымдар сатылады, елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына мерекелік концерт ұсынылады. Сондай-ақ, хаски иттері жегілген шанамен сырғанауға да болады. 

Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!