Елордада үй жануарын асыраушыларға қатысты талап күшейтілді

Фотография - Елордада үй жануарын асыраушыларға қатысты талап күшейтілді

Астанада итін қыдыртуға алып шыққандар міндетті түрде оның құжаты мен санитарлық кітапшасын да бірге алып жүруі тиіс.

226 0

Қазақстанда иттерді төлқұжатпен жүруге міндеттейтін жаңа заң, тіпті Астанада іске асырыла бастады. Енді Астанада итін қыдыртуға алып шыққандар міндетті түрде оның құжаты мен санитарлық кітапшасын да бірге алып жүруі тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.

11 наурыз күні табиғатты қорғау полицейлері жұртқа осы ережелерді түсіндіріп, оны елемегендерге айыппұл салды. Осыған дейін тұмылдырық пен қарғыбауы болса итті емін-еркін алып жүруге кедергі қойылмайтын. Ал жаңа ереже ит асыраушыларды біраз әбігерге салатын түрі бар.

Өйткені, құжат пен ауырмайтыны туралы медициналық анықтамадан бөлек, төрт аяқтылардан қалған қоқысты енді иесі тазалап жүруге міндетті. Әрі итін қоғамдық орында серуендету үшін ол міндетті түрде үйретілген және сөз ұғатын болуы керек.

Бұдан бөлек, қарғыбауға байланған жіп бір жарым метрден аспауы тиіс. Бұл талап сақталмаса жаппай айыппұл салынады.

"Ескерту немесе 3 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Ал егер ит адам өміріне қауіп төндіріп, тістеп алған жағдайда 10 айлық, яғни 20 мың теңге айыппұл салынады", - дейді Астана қалалық ІІД табиғатты қорғау бөлімінің инспекторы Асан Қадыров.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!