Астана супермаркетіндегі 5 000 теңгелік картоп желі пайдаланушыларын таңдандырды

Фотография - Астана супермаркетіндегі 5 000 теңгелік картоп желі пайдаланушыларын таңдандырды

Супармаркетте бұның өте сирек сұрып екендігін айтты

561 0

Ғаламтор пайдаланушылары Астана супермаркеттерінің біріндегі картоп бағасын талқылауда. Оның суретін Еркебұлан Кенжеболатов атты пайдаланушы Facebook парақшасына орналастырған. Материалдарға сай сауда үйіндегі картоптың бір килограммы бесмың теңге тұрады, деп жазады Today.kz тілшісі.

Ғаламтордың бір пайдаланушысы көкөністің тым жоғары бағасына наразы болды. Ал енді біреулер ол Қазақстанда өсірілсе алуға дайын екендігін жеткізді.

"Егер made in KZ болғанда мен бір-екі киолограмм алар едім. Наурызға сйылар едім", - дейді Сабина Серікова атты пайдалнушы.

"Егер мұндай бағада тауар болса, онда алушы да бар деген сөз. Нарық заңы", - деп жазады Гүлден Үрістемова.

Ал Galmart супармаркетін иеленуші "Жетi аспан" ЖШС баға өнімнің өсірілуі мен құндылығына байланысты дейді.

"Бұл өте сирек сұрып. Бұл әлеуметтік маңызы бар нарықтағы картопқа еш қатысы жоқ. Бұл картоп түрін Францияда өсіреді және ұшақпен жеткізеді. Оның өз бағасы біз қойған бағадан сәл ғана төмен. Жекелей сату бағасы тасымалдау мен өндіру бағасына тәуелді", - деп түсіндірді сатып алу бөлімінің дәрежелі жетекші менеджері Қаламқас Жанбосынова.

"Жетi аспан" ЖШС көкөністің өндірудегі өз бағасын айтпады, мұны комерциялық құпия деді. Сонымен бірге, супермаркетте нарықтық бағаға сәйкес жергілікті картоп та сатылуда.

Қаламқас Жанбосынованың айтуынша, картоптың бұл түрін Астаналық мейрамханалар сатып алады. Аптасына Францияда өсірілетін "трюфель" сұрыпты картоптың 16 килограммы сатылады.

Айта кетсек, мұның алдында қазақстандықтарды "Сладкий сон" атты қызанақтардың бағасы таңғалдырған. Алматы тұрғыны Евгения Новикова бір килограммы 10 000 теңге тұратын қызанақтардың суретін желіге орналастырған болатын. Ал, бұл қызанақтар сатылатын дүкен бұл бағаны аса қымбат емес деп есептейтіндігін жеткізген.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!