Қазақстанда экологиялық таза ойыншықтар шығарылады

Фотография - Қазақстанда экологиялық таза ойыншықтар шығарылады

Шикізат Қырғызстан елінен және Алматы қаласынан жеткізіледі

310 0

Екібастұз қаласында биылғы жылдың ақпан айында «Балбөбек» цехын ашқан Динара Айтжанова балаларға арналған экологиялық таза ойыншықтар шығаруды қолға алды.

"Отандық өндірісті дамытуға "Даму" қоры қаржылай қолдау көрсеткен. Былтырғы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында үш миллион теңге грант алған ол кішкентай қыздарға арналған сәнді көйлектер мен шашқа арналған қыстырғыштар да жасайды. - Әдемі ойыншықтар мен әшекей бұйымдар шығаратын шеберлер өте көп. Дегенмен кәсібін кеңейтіп, заң аясында жұмыс істеуге батылы жететенідер аз. Бүгінде тауар ғаламтор мен әлеуметтік желілер арқылы және жергілікті сауда нүктелерінде сатылады. Ең төмен баға - екі мың теңге. Мәселен, дәл осындай ойыншықтар Астана қаласында 16 мың теңге тұрады. Дегенмен сапасы жағынан да осал емес. Себебі экологиялық таза және жаңа материалдарды қолданамыз", - дейді Д. Айтжанова.

Кәсіпкердің айтуынша, қалдықсыз өндіріс технологиясы бойынша көйлектер мен әшекей бұйымдардан қалған материалдар қуыршақ жасауға қолданылады. Шикізат Қырғызстан елінен және Алматы қаласынан жеткізіледі. Қазіргі таңда фабрикада үш адам жұмыс істейді. Олардың санын арттыру мақсатында жуырда тігіншілер білім алатын жергілікті кәсіби мектеппен келісімшарт жасалған. - Ақшаны желге шашудан аулақпыз. Сондықтан да әрбір шикізатты пайдаға жаратуға тырысамыз. Тауарлардың жабыстырылған белгісі мен қаптамасы бар. Болашақта ағаштан жасалған қуыршақтар шығару мақсатында шебер іздестірудеміз. Сондай-ақ қазақтың ертегі кейіпкерлері бейнесіндегі қуыршақтарды шығару жоспарда бар.


Айта кетерлігі, Динара Айтжанова 7-мамыр күні Астана қаласында өтетін отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесіне қатысуға дайындалуда. Бұдан әрі астаналық фирмалармен келісімшарт жасап, басқа өңірлерге де екібастұздық қуыршақтарды ұсынуды көздеп отыр.


pavlodarnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!