Астанада азық-түліктердің сапасы тексерілді

Фотография - Астанада азық-түліктердің сапасы тексерілді

Бүгін Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күніне орай "Астаналық" базарында "Әрбір тұтынушыға қауіпсіз өнімдер" акциясы өткізілді.

247 0

Бүгін Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күніне орай "Астаналық" базарында "Әрбір тұтынушыға қауіпсіз өнімдер" акциясы өткізілді. Қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұйымдастырған шара 2009 жылы алғаш рет қолға алынған болатын.

Акция аясында сатып алушылар тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапалылығын анықтай алады. Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы көкөністер мен жемістер құрамындағы нитраттардың мөлшерін анықтау үшін зертханалық зерттеулерді тегін жүргізеді, азық-түліктерді термиялық өңдеуді бақылайды, сонымен қатар, сүт өнімдерінің қышқылдылығын анықтайды.

"Өткен жылы 1000 адамға консультация берілді, 800 астам талдау жасалды. Зертхана экспресс-режимде жұмыс істейді. Егер қиындықтар туындаса, зерттеулер қайта жүргізіледі. Мұнда бактериологиялық және физика-химиялық зертхана өкілдері де бар. Егер нитраттар көп мөлшерде анықталса, өнімдер сатылымнан алынып тасталады", – деді Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Мейрамғали Молдашев.

Жыл сайынғы акцияның мақсаты - халықтың тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқықтары мен оларды қорғау жолдары туралы құқықтық сауаттылығы мен ақпараттылығын арттыру.

Мұнымен қоса, акция барысында қала тұрғындарына өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Акция ертең сағат 10.00 бастап «Шапағат» базарында жалғасады. Биыл "Әрбір тұтынушыға қауіпсіз өнім" акциясы 7 қалалық базар аумағында өткізілмек.


astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!