Мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындары бос орындар жәрмеңкесіне қатысады

Фотография - Мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындары бос орындар жәрмеңкесіне қатысады

Бос орындар жәрмеңкесінде 20 жұмыс берушіден 120 бос жұмыс орны ұсынылады

186 0

Астанада 17 наурызда "Astana Mall" сауда, ойын-сауық орталығында (Тәуелсіздік даңғ., 34) мүмкіндігі шектулі жандарға арналған "Кедергісіз келешек" бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Шараны қалалық Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бос орындар жәрмеңкесінде 20 жұмыс берушіден 120 бос жұмыс орны ұсынылады. Жұмыс іздеушілер консультациялар алып, жұмысқа орналасу, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, сондай-ақ, "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында қайта даярлаудан өту туралы толық ақпарат ала алады.

Шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмысқа орналасуға көмектесу және оларды әлеуметтік қорғау туралы хабардар ету болып табылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!