Елордада қызмет көрсету саласының үздік мамандары марапатталды

Фотография - Елордада қызмет көрсету саласының үздік мамандары марапатталды

Белсенділер арасында дәрігерлер, автобус жүргізушілері, кондукторлар, кәсіпкерлер, слесарьлар бар

270 0

Бүгін Астана қаласының әкімдігінде Дүнижүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күніне арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында "Әділет" тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының төрағасы Қабыкен Закарьянов қозғалыстың соңғы жылдары атқарған жұмыстарының қорытындысын шығарып, астаналықтардың пікірінше үздік деп танылған дәрігерлерді, кондукторларды, көлік қызметкерлерін, слесарь және т.б. маман иелерін марапаттады.

– Біз тұтынушылардың құқықтарын қорғап, үлкен іс атқарамыз, адамдардың алғысы – біз үшін ең жоғары марапат. 1991 жылы КСРО-да Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық қозғалыс құрылды, ал ыдырағаннан кейін біз Қазақстанда алғаш рет «Әділет» қоғамдық қозғалысын ұйымдастырдық, ол 23 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыттың ішінде біз тұтынушылардың нағыз құқық қорғаушыларына айналдық, елордада түрлі мәселелер бойынша 100 мыңнан астам адамға көмек көрсеттік, – деді К. Закарьянов.

Оның айтуынша, соңғы жылы көмек сұраған азаматтар саны айтарлықтай азайды. 2014 жылы шағым білдіргендер саны 4 мыңнан асса, өткен жылы 2 мыңға жуық болған. Бұл ретте бұзушылықтар санының азаймағанын айта кеткеніміз жөн. Халықтың сауаттылығы артып, адамдардың көбі өз құқықтарын біледі, көп жағдайда мәселелер сол жерде шешіледі.

Жыл сайын кәсіпқойлар азаматтардың оң пікірлерінің нәтижесінда іріктеледі.Кездесу соңында ең үздік мамандар марапатталды. Белсенділер арасында дәрігерлер, автобус жүргізушілері, кондукторлар, кәсіпкерлер, слесарьлар бар. Сонымен қатар ең үлгілі кәсіпорындар – ауруханалар, ПИК және т.б. марапаттарға ие болды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!