Жоғалып кеткен Тараздық Виктор Прокопенко Алматыдан табылды

Фотография - Жоғалып кеткен Тараздық Виктор Прокопенко Алматыдан табылды

Бұл туралы іздеуге қатысқан еріктілер хабарлады

480 0

2 наурызда жоғалып кеткен 19 жасар Тараздық политехникалық колледж студенті Виктор Прокопенко Алматыдан табылды, деп жазады Today.kz.

"Адамдар!!! Витя табылды! Аман-сау!Алматыдан табылды! Оны Таразға алып кетті. Ертең одан сұрау алады, сосын бәрін білерміз!" – деп жазыпты "ВКонтакте" желісінде жігітті іздеуге белсенді атсалысқан Тараздық еріктілер. Өзге жайлар әлі белгісіз.

Мұның алдында жігіттің әкесі Петр Прокопенко ұлының үйден ауыр материалдық жағдайына байланысты жұмыс іздеуге кетті деген болжам айтқан. "2 наурызда ол колледжде болған, сабақтан кейін оны бір жігітпен көрген, содан соң ол із-түссіз кетті. Табылған кезде неге кетіп қалғанын өзінен сұрай алармыз. Ол табыс табуға кеткен болу керек деп ойлаймын. Қазір әйеліміз екеуміз де жұмыссыз отырмыз. Материалдық тұрғыдан ауыр болып тұр. Мен оны түсінем", - деген болатын ол кезде әкесі.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!