Алматының Әл-Фараби көшесіндегі ғимараттардың жоғарғы қабаты бұзыла бастады

Фотография - Алматының Әл-Фараби көшесіндегі ғимараттардың жоғарғы қабаты бұзыла бастады

Құрылыс компаниясының 20-ға жуық құрылысшысы қалаған кірпіштерін қайта құлатып жатыр.

417 0

Алматының әл-Фараби көшесіндегі 6 қабатты ғимараттардың жоғарғы екі қабаты бұзыла бастады деп хабарлайды Астана арнасы.

Құрылыс компаниясының 20-ға жуық құрылысшысы қалаған кірпіштерін қайта құлатып жатыр. Бұған жуырда жергілікті билік енгізген қала құрылысы регламентіндегі өзгерістер себеп болған. Оған сай, тау етегіне жақын орналасқан көшелердің бойындағы ғимараттардың биіктігі 3 қабаттан, яғни 12 метрден аспауы тиіс. Бұған дейінгі 2004 жылғы құжатта нысан биіктігі 6 қабатқа дейін рұқсат етілген еді.

"Жуырда тұрғын үйдің жоғарғы қабатын сүру туралы әкімдіктің  жазбаша ұйғарымын алдық. Бұзу жұмыстары басталып кетті. Біздің ғимараттың биіктігі 18 метр болатын. Жаңа регламентке сай енді оны 12 метрге қысқартамыз. Қазір 12 метрден жоғары қаланып кеткен материалдарды бұзуды бастадық. Бізге барлық жұмыстарды аяқтауға бір ай уақыт берді. Ол аздық етеді. Бірақ барынша тезірек бітіруге тырысамыз", - дейді құрылыс компаниясының бас инженері Константин Елизаров.

Сондай-ақ, қала құрылысы кеңесінде әл-Фараби даңғылынан жоғары аумағынан бөлек, тау етегіне жақын орналасқан Шығыс айналма жолы, Саин және Жандосов көшелерінің бойында да биік үйлер салуға тыйым салынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!