Алматыда табылған Виктор Прококпенко өзіне іздеу жарияланғанын білмеген

Фотография - Алматыда табылған Виктор Прококпенко өзіне іздеу жарияланғанын білмеген

Жамбыл облысы ІІД жігіттің үйден кету себебін түсіндірді

327 0

Жамбыл облысының ІІД Тараздың политехникалық колледжінің үшінші курс студентінің неліктен үйден кеткенін айтты, деп жазады Today.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Естеріңізге салсақ, екі апта іздеуден кейін жігіт Алматыдан табылды.

Полицияның мәліметінше, Виктор Прокопенконы Алматы көшелерінің бірінен аман-сау тапқан. Жігіт өзін іздеуде жүргенін сезбеген де.

"Виктор өзін іздеп жүргенін білмеген, өйткені, ақпарат көзі болмаған. Осы уақыт бойы ол базарда жүк тасыған, оңтайлы жерлерге қона берген. Істеген ісіне өкініп, дұрыс іс жасамағанын мойындады", - деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен бірге, полицияда жігіттің үйден кетуіне себеп "бағзыдан бергі әке мен бала арасындағы қиындық, бала әке мен шешеге тәуелді болмай, өз күнін көргісі келген, содан осылай шалыс басқанын" айтты.

Мұның алдында жігіттің әкесі, осындай болжам жасап, жігіттің табыс іздеуге рұқсатсыз кетті деген болатын.

Естеріңізге салсақ, 2 наурызда әлеуметтік желіде белгісіз жағдайда Тараздың политехникалық колледжінің 19 жасар студенті Виктор Петренко із-түссіз кетті деген ақпарат тараған. Жігітті іздеуге полиция мен еріктілер жұмылған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!