Астананың жұмыссыз жүрген тұрғындарына психологиялық консультация беріледі

Фотография - Астананың жұмыссыз жүрген тұрғындарына психологиялық консультация беріледі

Шараның мақсаты – жұмыссыз жүрген азаматтарға психологиялық көмек көрсету және одан әрі жұмысқа орналасуға қол ұшын созу.

161 0

Астанада Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз жүрген адамдарға психологиялық көмек көрсетіледі. "Қасиет" психология орталығының жетекшісі Айқын Дүйсембаев өткізетін тренинг үш күнге жалғасады.

Шараның мақсаты – жұмыссыз жүрген азаматтарға психологиялық көмек көрсету және одан әрі жұмысқа орналасуға қол ұшын созу.

Бүгінгі таңда Жұмыспен қамту орталығында психологиялық тренингтің бір курсы өткізілді. Оған 12 адам қатысты. Тыңдаушыларға белсенді жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу, сондай-ақ, өзін-өзі бағалауды арттыру мен жұмыс берушімен әңгімелесу кезінде өзін сенімді ұстану мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Курс соңында қатысушылар тренингке оң бағаларын беріп, көбі жұмысқа деген қатынастарын өзгертті. Үш күндік тренингке Бейбітшілік к-сі, 25 мекен жайы бойынша Жұмыспен қамту орталығында жазылуға болады.

astana.gov.kz 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!