Алматы көшелеріне пальма отырғызылады

Фотография - Алматы көшелеріне пальма отырғызылады

Алматы қаласының 66 мың шаршы метр жері көгал­дан­дырылады

257 0

Алматы қаласының 66 мың шаршы метр жері көгал­дан­дырылып, хош иісті ерекше гүл­дермен көмкеріледі. Әсемдеп әрленген гүлзарлар ұлттық ою-өрнекпен нақышталып, қараған адам көз тойғысыз сипатқа ене­тін болады. Шаһардың жасыл желегін арттыру мақсатында 45 мың тал кө­шеті және қала тарихында тұңғыш рет пальма ағашы отырғызылады. 

Жыл сайын Алма­тыны жасыл желекпен көмкеру үшін жылыжай мамандары сан алуан ағаштар мен гүлдердің көшет­терін өсі­реді. Аумағы 2 гектар жерді алып жатқан ауқым­ды жылыжайда экзотикалық өсім­діктер мен ағаштардың неше түрі бар. Солардың ішіндегі біздің эко­логияға бейімделген түрлері жу­­ырда қаланың орталық көше­леріне отырғызыла бастайды. Қа­зір бұл жылыжайдың 16 мың шаршы метр жерінде 600 мың түп әртүрлі гүлдің көшеті өсіп тұр.

Көктемгі көшет отырғызу ісін қарқынды жүргізу үшін қо­сымша жұмыс орындары ашылады. Оған 12 мың адам тартылып, оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 1200 студент қызмет ететін болады.


egemen.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!