Ауыл шаруашылығы жерлерінің 60%-ы пайдаланылмайды

Фотография - Ауыл шаруашылығы жерлерінің 60%-ы пайдаланылмайды

Астанада Қазақстанның ет және ет өңдеу өнеркәсібіне арналған бірінші KazMeat Astana 2016 халықаралық форумы өтіп жатыр

331 0

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерінің 60%-ы пайдаланылмайды. Бұл туралы бүгін KazMeat Astana 2016 халықаралық форумы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтты, деп хабарлайды Baq.kz. 

"Бүгінгі күні Қазақстанда 222 млн гектар ауыл шаруашылығы жері бар, оның тек 91 млн гектары, яғни 40 пайызы ғана пайдаланылады. Ал 60 пайыз жер айналымға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісіне тартылмаған. Осы 222 млн гектар жердің 187 гектары - жайылым жер. Осылайша, Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін өсіру бойынша әлеуеті өте зор екені сөзсіз", - деді вице-министр.

Айта кетейік, Астанада Қазақстанның ет және ет өңдеу өнеркәсібіне арналған бірінші KazMeat Astana 2016 халықаралық форумы өтіп жатыр. Қазақстанда алғаш рет KazMeat Astana форумында етті мал өсіру және ет өңдеу өнеркәсібі саласы мамандары, шетелдік инвесторлар мен мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың өкілдері, шетелдік сарапшылар бас қосып отыр. Форумға 14 елден (Қытай, Канада, Италия, Жаңа Зеландия, Түркия және т.б.) 300-ден астам жиналды.

KazMeat Astana форумы Қазақстанның ет өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу өндірісінің мамандарына халықаралық компаниялардың заманауи техниканы пайдалану арқылы өнімді экспорттауды ұйымдастыру тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді.

Форум шеңберінде "B2B" форматында қазақстандық және шетелдік ірі компаниялардың өкілдері іскерлік келіссөздер жүргізіп, тараптар өзара тиімді ынтымақтастық және өндірістегі инвестиция мәселелерін талқыламақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!