"Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында 26 жоба мақұлданды

Фотография - "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында 26 жоба мақұлданды

Бұл тек жыл басынан бергі көрсеткіш

331 0

Астана қаласының үдемелі индустриалды дамуының үйлестіру кеңесі "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында банктердің, лизингтік компаниялардың несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша 26 жобаны мақұлдады. Несие желісінің жалпы сомасы – 3,4 млрд. теңге, соның ішінде 9 жобаға 549,3 млн. теңге көлемінде несиелерді жартылай кепілдендіру бойынша қолдау көрсетілді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы алғанда бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы 88 107,9 млн. теңгенің 506 жобасы мақұлданды.

Жалпы құны 85 316,7 млн. теңгені құрайтын 451 жоба пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша мақұлданды, 100 адамға 4 417,4 млн. теңге көлемінде несиелер бойынша кепілдер берілді. Өндірістік инфрақұрылымға келсек, электр қуатымен жабдықтау, жол жөндеу, кәріз жүйелері, сумен жабдықтау, бу трассасын ауыстыру бойынша республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 2 791,23 млн. теңгені құрайтын 35 жоба мақұлданды. Мұнымен қоса, 59,9 млн. теңгенің 20 жобасына грант аясында рұқсат берілді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!