БҚО-да "Жақсылыққа жарысыңдар!" атты қайырымдылық акциясы өтті

Фотография - БҚО-да "Жақсылыққа жарысыңдар!" атты қайырымдылық акциясы өтті

Жағдайы төмен отбасылар ұйымдастырушыларға және мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.

369 0

Қысылған жанға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасау - асыл дініміздегі сауапты істің бірі. Өзге адамға көмек көрсету, жәрдемдесу де жүректерді жұмсартады. Бұл туралы ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі хабарлайды.

Қайырымдылық ету - ҚМДБ-ның тапсырған төрт бағытының бірі. Игі бастама аясында әр облыста қайырлы істер жалғасын табуда. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен "Жақсылыққа жарысыңдар!" атты қайырымдылық акциясын өткізді. Игі бастамаға қала тұрғындары, мешіт жамағаттары, кәсіпкерлер атсалысты. Қайырымдылық шарасына ерлер, әйелдер, балалардың қысқы-жазғы киімдері мен ыдыс аяқтар жиналды. Сондай-ақ, күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерімен қайырымдылық акцияға үлес қосқандар бар.

Қайырымдылық шарасы мұқтаж жандарға қуаныш сыйлады. Жағдайы төмен отбасылар ұйымдастырушыларға және мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!