Қазақ тілін меңгеру бойынша тегін курстарға 300 адам жазыла алады

Фотография - Қазақ тілін меңгеру бойынша тегін курстарға 300 адам жазыла алады

Мемлекеттік тілді меңгеру бойынша тегін курстарға жазылу үшін өтініш беріп, анкета толтыру қажет

307 0

Жыл басынан бері елордада азаматтарға қазақ тілін үйрету курстары ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта тегін курстарға тағы да 300 адам жазыла алады. Ол үшін 29 наурызға дейін Тілдерді дамыту басқармасына өтініш беру керек, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекеттік тілді меңгеру бойынша тегін курстарға жазылу үшін өтініш беріп, анкета толтыру қажет, өзіңізбен бірге жеке куәліктің көшірмесін ала келуіңіз керек.

Оқыту курсы 1 сәуірде басталады. Сабақтар күндіз "Іскер" орталығында сағат 09.00-18.00 аралығында өткізіледі. Айта кетейік, курстарға тек ересектер ғана жазыла алады. Жыл соңына дейін тіл үйрену курстары тегін болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!