Алматыда төрт балабақша ашылды

Фотография - Алматыда төрт балабақша ашылды

Бөбекжайлардың бәрі Түрксіб ауданында орналасқан.

204 0

Алматыда төрт бірдей жекеменшік балабақша ашылды. Олар 150 баланы қабылдамақ.  Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Бөбекжайлардың бәрі Түрксіб ауданында орналасқан. Онда 5 уақыт тамақ, медициналық кабинет және оқу бөлмесі мен ойнайтын алаң да қарастырылған. Оқыту ағылшын, қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Нысандардың барлығы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейді. Яғни, балабақша ақысының жартысын үкімет, ал қалғанын ата-ана өз қалтасынан төлейді. Осылайша, мемлекет жеке кәсіпкерлердің көмегімен балабақшаға кезекке тұрған бүлдіршіндерді орынмен қамтамасыз етпек . Қазіргі таңда ауданда 22 мемлекеттік және 21 жекеменшік балабақша бар. Әлі де 6 жасқа дейінгі 6 мың бала кезекте тұр.

"2 жастан 6 жасқа дейінгі 2000-нан астам бала кезекте тұр. Сондықтан аудан бойынша осы балалардың барлығы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Жыл басынан бері 7 балабақша ашылып отыр. Бұл 7 балабақшаның барлығы мемлекеттік тапсырыс бойынша ашылды",- деді Алматы қ. Түрксіб аудандық білім бөлімінің бас маманы Эльмира ХАЕСНОВА.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!