Астанада сайлау күні 3000 жуық полицей қоғамдық тәртіпті қадағалайтын болады

Фотография - Астанада сайлау күні 3000 жуық полицей қоғамдық тәртіпті қадағалайтын болады

Барлық сайлау учаскелерінде концерттік бағдарламалар, жәрмеңкелер ұйымдастырылады

478 0

Елордада Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және Астана қаласы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге арналған қорытынды брифинг өтті. Сайлау күні 213 сайлауда дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, соның ішінде 178-і барша халық үшін ашылады, онда тәулік бойы жұмыс істейтін 625 полицей қызмет атқарады. Жалпы, сайлау күні қалада 3000 жуық полицей қоғамдық тәртіпті қадағалайтын болады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, Астана қаласының ішкі істер департаменті сайлау өткізу барысында жолдарда тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауда. Оперативтік жағдайды тұрақтандыру үшін 16-18 наурызда "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Ал кешеден бастап 24 наурызға дейін ІІД органдарының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

– Сайлау учаскелерінде 625 полицей тәулік бойы жұмыс істейді. Жеке құрамнан 3000 жуық қызметкер сайлау және мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Қала маңында орналасқан барлық бекеттер де күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшеді, – деді Б. Малыбаев.

Айта кетейік, елорда әкімді жаңадан 26 сайлау учаскесін құру туралы шешім қабылдаған болатын.

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимовтың айтуынша, 278 сайлау учаскесі ашылады, соның ішінде 65-і шетелде орналасқан, яғни қалада 213 учаске жұмыс істейді. 35 сайлау учаскесіне кіруге шектеу қойылса, қалған 178 учаскеде халық дауыс бере алады.

– Қазіргі кезде қала бойынша сайлаушылар тізімінде 405 233 адам тіркелген. Сыртқы істер министрлігінің желісі бойынша – 14 303 сайлаушы. Азаматтарға қолайлы болуы үшін әрбір сайлау учаскесінде шағын ХҚКО жұмыс істейді. Егер азамат сайлау күні өзін сайлаушылар тізімнен таба алмаса, ол өтініш беріп, мекенжай анықтамасын алады. Өткен жылы сайлауда 30 мыңға жуық адам осындай шағын халыққа қызмет көрсету орталықтарының көмегіне жүгінген, – деп атап өтті Е. Каналимов.

Оның сөзіне қарағанда, барлық сайлау учаскелерінде концерттік бағдарламалар, жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Жалпы, 45 млн. теңгеден астам соманыі өнімін сату көзделген. Сонымен қатар, сайлау күні азаматтардың барлық санаттары үшін қалалық қоғамдық көлікпен жол жүру тегін болады.

Әдеттегідей, бірінші болып келген және алғаш рет дауыс беретін, сондай-ақ, 20 наурызда туған күнін мерекелейтін сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!