Шымкентте әз Наурызды тойлау басталды

Фотография - Шымкентте әз Наурызды тойлау басталды

Бүгін Шымкент шаһарында "Сейіл — Қошқар ата" шарасы ұйымдастырылды.

648 0

Шымкентте әз Наурызды тойлау басталып кетті. Бүгін шаһарда "Сейіл — Қошқар ата" шарасы ұйымдастырылды.

Бұл мерекенің тарихы ғасырға жуық. Көктемнің басын бұлақ бастауынан тойлау — дәстүрлі үрдіс. Осыған байланысты тарихшылар бастама көтеріп, әз Наурызды атап өтудің көне нұсқасын енгізіп отыр. Олар 100 жылдан кейін ескі дәстүрді жаңғыртып жатыр екен.

Бұған қалалық әкімдік қолдау көрсетіпті. Қазір Қошқар ата өзенінің бойында айтыс ұйымдастырылып, түрлі ұлттық ойындар өтуде. Онда асық ату, қазақша күрес, қой көтеру сияқты қызықты жарыстар өтіп жатыр.

Фото - "Сейіл - Қошқар ата" шарасыФото - "Сейіл - Қошқар ата" шарасыФото - "Сейіл - Қошқар ата" шарасыФото - "Сейіл - Қошқар ата" шарасыФото - "Сейіл - Қошқар ата" шарасыФото - "Сейіл - Қошқар ата" шарасыФото - "Сейіл - Қошқар ата" шарасыФото - "Сейіл - Қошқар ата" шарасыФото - "Сейіл - Қошқар ата" шарасы




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!