Қызылорда облысында Бен Ладен мен Саддам Хусейн тұрып жатыр

Фотография - Қызылорда облысында Бен Ладен мен Саддам Хусейн тұрып жатыр

Қазір кішкентай Бен Ладен ауылдың №143 мектебінде 8-ші сыныпта оқиды.

504 0

Қызылорда облысындағы Ақсуат аймағында 15 жыл бұрын ер бала дүниеге келіп, оған Бен Ладен есімі берілген деп хабарлайды nur.kz порталы "NewTimes.kz" агенттігіне сілтеме жасап.

Ер баланың анасы Айткүл Сейілханова ерекше есімнің қойылу себептерін түсіндірді.

"2001 жылы 11 қыркүйек күні теракті салдарынан АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында екі ғимарат құлаған кезде мен жүкті едім. Дәрігерлер террорлық ұйымның көшбасшысы Бен Ладенді басты күдікті деп таныды. Алайда менің күйеуім оны кінәсіз санады. Осы қайғылы оқиғадан кейін біздің ұлымыз дүниеге келді. Наразылығын білдірмек болған жолдасым ұлымызды оның құрметіне атауды ұйғарды. Бастапқыда мен қарсы болдым, бірақ кейін келісімімді бердім", — дейді ол.

Қазір кішкентай Бен Ладен ауылдың №143 мектебінде 8-ші сыныпта оқиды. Жеткіншектің үлгерімі жақсы, спортқа әуестенеді.

Ал Қармақшы ауданында сирек есім берілген тағы бір бала тұрады. Оны әкесі Саддам Хусейн деп атаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!