Қазақстанның 80 қаласы "Жер сағаты" халықаралық акциясын қолдамақ

Фотография - Қазақстанның 80 қаласы "Жер сағаты" халықаралық акциясын қолдамақ

"Жер сағаты" - бұл алғаш рет 2007 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) өткізген халықаралық экологиялық акция болып табылады.

527 0

19 наурызда қазақстандықтар "Жер сағаты" халықаралық акциясына қатысады, деп хабарлайды BNews.kz.

Еліміздің  80 қаласында билік сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін  ғимараттардың жарығын өшіріп, акцияға қолдау көрсетпекші. Бұл акцияға бей-жай қарамайтындар да өз үйлері мен пәтерлерінде жарық пен электр құралдарын өшіретін болады, деп хабарлайды "Тұрақты даму" Жер қорының баспасөз қызметі.

"Астанада мұз айдынында мереке өтіп, Ақкөлде файер-шоу және құстарға арналған жем салатын астау жасаудан шеберлік сабағы, Семейде Абай ескерткіші алдында шам жағу флешмобы ұйымдастырылса, Павлодарда  "құпия бөлме" марафоны өтіп, онда барабанда ойнап, байлаулы көзбен сурет салу, ән тыңдауға мүмкіндік болады. Ал Алматының Республика алаңында сағат  20:30-да жалпы қаладағы ғимараттардың жарықтары салтанатты түрде сөндіріліп, басқа да түрлі шаралар өтпек", – деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, "Жер сағаты" - бұл алғаш рет  2007 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) өткізген  халықаралық экологиялық акция болып табылады. Ол әлемдегі барша халықты ғаламшардың болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа сөндіруге үндейді. 2015 жылы акцияға 172 ел мен 2 миллиард адам қатысқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!