Ұлттық ұлан сайлауға толғымен қатысты

Фотография - Ұлттық ұлан сайлауға толғымен қатысты

Сайлауда өңірлік қолбасшылық бойынша жалпы 11 000-нан астам адам дауыс беріп 100 % пайызды құрады

542 0

Жексенбі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мен әскери бөлімдерінің жеке құрамы Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға толығымен қатысты, деп хабарлайды "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Байшағыров.

Сайлау 20 наурыз күні заңмен белгіленген уақытта басталып, сағат 10.10-да аяқталды. Өңірлік қолбасшылыққа қарасты барлық әскери бөлімдердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері дауыс беруге белсенділікпен қатысып, еліміздің ертеңіне, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне бей-жай қарай алмайтындығын дәлелдеді.

Жалпы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 11 сайлау учаскелері құрылды. Олар Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған қалаларында және Алматы облысына қарасты Ұзынағаш пен Заречный кенттерінде орналасқан.

Сайлауда өңірлік қолбасшылық бойынша жалпы 11 000-нан астам адам дауыс беріп 100 % пайызды құрады. Оның ішінде 5000-нан астам адам өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердің сайлау учаскелерінде, ал қалған 6000-нан астам адам тұрғылықты мекенжайлары бойынша дауыс беруге қатысты.

Өздерінің Конституциялық борыштарын терең түсініп, кейбірі сайлауға алғаш рет қатысып жатқан еліміздің қорғаны – Ұлттық ұланның жас сарбаздары да бұл сайлауда өз таңдауларын жасады. Алғаш рет сайлауға қатысып отырған қатардағы Айдар Қадірімбет: «Жалпы сайлауға алғаш рет қатысып отырмын. Бұндай іс-шараға өмірімде қатысып көрмегеннен кейін бе, басында аздап қобалжыдым, бірақ Отанымның өркендеуі жолында менің де даусым шешуші рөл атқаратынын түйсініп, мен өз таңдауымды жасап дауыс бердім. Осы арқылы бейнебір өзімді ерлік жасағандай сезініп, ерекше күйде болдым. Қазақстан Республикасының көркеюі мен дамуына, оны қорғау жолына өз үлесімді қосу – мені бақыт пен қуаныш сезіміне бөлейді» - деп ағынан жарылды.

Айта кетейік, Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында 3000-нан астам сарбаз сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасап дауыс берді.

Қазіргі уақытта "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталып, дауыстарды санау жүргізіліп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!