Баум тоғайы мен Ботаникалық бақ жеке қолға өткелі тұр - Алматы белсенділері

Фотография - Баум тоғайы мен Ботаникалық бақ жеке қолға өткелі тұр - Алматы белсенділері

Алматыда табиғи нысандар айналасында жаңа дау туындағалы тұр

705 0

Алматы билігі Ботаникалық бақ пен Баум тоғайын ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесінен айырмақ, деп мәлімдейді "Защитим Кок-Жайлау" қоғамдық қозғалысының белсенді мүшесі Абай Ерекенов қаланың туризм басқармасының басшысы Тимур Дүйсенғалиевке сілтеме жасай отырып, деп жазады Today.kz.

"Біз өз пікірімізді айттық, ол өзгеріссіз қалады. Ешқашан да табиғи нысандардан ЕҚТА дәрежесін алып тастап, жекешелендіруге болмайды, ал біздің түсінгеніміздей осындай іс жоспарланып жатыр", - дейді Ерекенов.

Ұйым Ботаникалық бақ пен Баум тоғайының айналасына қорғалатын аумақ құру ұсынуда. Ұйым белсенділепінің айтуынша, Алматы әкімдігінде бұл мәслелерді қарастыратын жұмыс тобын құруға уәде берген. Дегенмен олар табиғи аумақтар жеке қолға өтіп, тұрғындар үшін қолжетімсіз болып қалады деген ойда.

Ботаникалық бақ жүз гектар аумақты алып жатыр. Онда жеті мыңнан астам өсімдік түрлері бар, оның 60 түрі өте сирек. 1990 жылдардан бастап ол жерлерді құрылыс үшін сатып отырды. Бұл жайтты үкіметтің 2006 жылдың 10 қарашасындағы N1074 қаулысы тоқтатты, қаулыға сай бақ ерекше қорғалатын табиғи аумақ тізіміне енді. 1892 жылы әйгілі бақташы Эдуард Баум өсіре бастаған Баум тоғайының жерлері де арзан аумақтар емес.

Фото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!