Қытайдағы қандастар Наурыз салтанатын асырды

Фотография - Қытайдағы қандастар Наурыз салтанатын асырды

Концертті аймақтық мәдениет, денетәрбие, радио, кино-телевизия, ақпарат-баспасөз мекемесі мен аймақтық мәдениет сарайы ұйымдастырып өткізді.

269 0

Бесігін Қыдыр тербеткен, қасиетіне бас ұрып, сансыз ұрпақ ер жеткен, таулары аспандап ойланып, даласы дастанға айналған, жер ұйығы Ағажай Алтайда баба дәстүрінің алтын үзігі болған Наурыз мерекесін қарсы алуға арналған бұқаралық мәдени-сауық кеші өткізілді.  

Концертті аймақтық мәдениет, денетәрбие, радио, кино-телевизия, ақпарат-баспасөз мекемесі мен аймақтық мәдениет сарайы ұйымдастырып өткізді.

 
Сауық кеш "Сахарадағы шабандоздар" атты топтық бимен шымылдығын ашып, одан ары әр қайсы аудан-қаладағы өнерпаздәрдің дайындаған ойын нөмірлеріне ұласты. Консертке әуесқой өнерпаздар да атсалысты.


Бұл кештің бұрынғы мерекелерден өзгешелігі де осында еді. Қаба ауданынан келген шаруалардың шағын отбасылық оркестіріқ "Әлқиссаны" сахнаға көтерсе, "Бүгінгі Сәлиха мен Сәмен" этюді бүгінгі замандағы жастар махаббатын тілге тиек етті. Қанатбек Зайтолла ұлы мен Нұргүл Әндастанқызы да тамаша айтысмен Наурыз мерекесіне шашу ала келіпті. Сауық кеш Сыңсыған ән, сыңғырлы күй, мың бұралған бимен әдіптеліп, жанымызға шуақ, көңілімізге күлкі бағыштайтын әзіл-қалжыңдармен сәнін асырды.

 
Аймақ басшыларынан Аман Көдебайұлы, Разбек Қамзаұлы, Бақыт Инаятұлы қатарлы азаматтар мерекелік консертті тамашалады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!