Бердібек Сапарбаев ауласын қардан тазартпаған ауыл тұрғындарын ұрысты

Фотография - Бердібек Сапарбаев ауласын қардан тазартпаған ауыл тұрғындарын ұрысты

Бүгінге дейін қаладан 400 мың тоннаға жуық қар шығарылған.

342 0

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев су басу қаупі басым қала көшелері мен ауылдық округтерді аралап шықты. Бүгінге дейін қаладан 400 мың тоннаға жуық қар шығарылған. Ал 112 көлік су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz.

Қазір Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Әсіресе, су басу қаупі басым аумақтарда қарды шығару, су сору жұмыстары жеделдетілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев алдымен Благодар ауылдық округінің Қызылжар ауылына барды. Бұл жерде қар көп, су мол. Сондықтан Жаман Қарғалы өзеніне дейін су айдау жұмыстарын қолға алуды, сонымен бірге, биыл жазда еріген суды ағызу жобасын әзірлеуді тапсырды.

Қала көшелерін қардан тазарту кезінде тұрғындар аула ішіндегі қарды сыртқа кеш шығаратыны белгілі болды. Тіпті, кей адамдар ауласын қардан тазартпайды. "Неге ауладағы қарды шығармайсыздар? Еріген кезде көршінің ауласын шайып кетеді ғой. Өздеріңіз көріп отырсыздар. Қар әдеттегіден көп жауды. Көшедегі қарды біз алып кетеміз, ал ауладағы қарды өздеріңіз шығаруларыңыз керек", - деді облыс басшысы қала ішіндегі Жанқожа батыр көшесінің тұрғындарына.

Мәскеу, Әуе қалашығы аудандары да дәл осыған ұқсас. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қала көшелеріне арық салу жөнінде сөз қозғады. Тіпті, жеке үй аулалары арқылы су ағызатын жүйе орнату керектігін тілге тиек етті.

Фото - Фото - Фото -

Ақтөбе ақпарат баспасөз орталығының хабарлауынша, қаланы қардан тазарту жұмыстарына 15 кәсіпорын жұмылдырылған. Күндіз 19 бригада, түнгі ауысымда 10 бригада жұмыс істейді. Қосымша қар тиейтін 10 техника мен құрылыс компанияларына тиесілі 40-қа жуық жүк көлігі жұмысқа тартылды.

Айта кетейік, тәулік сайын қала көшелерін тазалауға 100-ден астам техника шығарылады. Бүгінде арнайы полигондарға 400 мың тоннаға жуық қар шығарылды. Қала көшелеріндегі еріген қар суын 112 машина шығарады.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!