Алматы метрополитені зағип жандар үшін арнайы сайт ашты

Фотография - Алматы метрополитені зағип жандар үшін арнайы сайт ашты

Аталған интернет ресурста ақпарат мүмкіндігі шектеулі жандарға анық әрі жеңіл көрінетіндей орналастырылған

400 0

Алматы метрополитені зағип жандар үшін арнайы  сайт ашты. Бұл туралы "Метрополитен" МКК баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған интернет ресурста ақпарат мүмкіндігі шектеулі жандарға анық әрі жеңіл көрінетіндей орналастырылған.

"Енді зағип жандар метро жаңалықтарын, пойыздардың жүру кестелерін бақылап, директорға сұрақ жібере алады. Арнайы редактор бөлімінде шрифтердің үлкендігін, артқы фонды ауыстыруға болады. Осылайша олар өзіне ыңғайлы етіп жасай алады. www.metroalmaty.kz сайтын орыс және қаза тілінде оқуға болады", - делінген хабарламада.

Зағип жандар үшін ашылған www.metroalmaty.kz сайтының қазақ және орыс тіліндегі нұсқасы болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!