Астанада заңсыз салынған жанармай құю станциясы бұзылуда

Фотография - Астанада заңсыз салынған жанармай құю станциясы бұзылуда

2008 жылы іздестіру жобалық жұмыстарына құқық берілген. Алайда, құрылыс жүргізуші рұқсат құжаттарын рәсімдеу шараларын жүзеге асырмаған.

148 0

Астанада Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімі бойынша Қорғалжын тас жолында заңсыз тұрғызылған жанармай құю станциясы бұзылып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының ақпараты бойынша, "SKS-Bilding Kompani" ЖШС 2008 жылы рұқсат құжаттарынсыз ЖҚС тұрғызған.

"2008 жылы іздестіру жобалық жұмыстарына құқық берілген. Алайда, құрылыс жүргізуші рұқсат құжаттарын рәсімдеу шараларын жүзеге асырмаған.  2014 жылдың соңында қайта құрылған МСҚБ органы  заңсыз құрылысқа қатысты азаматтардың шағымдары негізінде шаралар қолдана бастады", – деп мәлім етті басқарма басшысының орынбасары Дәулет Рысқұлов.

Фото -

Ол сондай-ақ 2015 жылғы  17 қарашада "SKS-Bilding Kompani" ЖШС-ын  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексінің  319 бабы "Заңсыз құрылыс" бойынша  нысанды мәжбүрлеп бұза отырып, 50 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарылғанын тілге тиек етті. Компания  Азаматтық істер жөніндегі сот алқасына  апелляциялық шағым бергенімен, ол қанағаттандырылмаған.  Сол жылдың желтоқсанында компания ЖШС-ның жұмысын 1 ай мерзімге тоқтатып, 200 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл өндіруге тартылған.

Қазіргі уақытта ЖҚС жұмысын жалғастыруда, сот орындаушылары болса нысанды электр энергиясынан ажыратуды ұйғарып отыр.  Жанармай құю станциясы жұмыскерлерінің дерегінше, қазір резервуарлар бензин мен газға толы екен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!