Имамдар сынақтан өтті

Фотография - Имамдар сынақтан өтті

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай осы айда Қазақстанның барлық аймақтарындағы имам-молдалар сынақтан өткізілуде.

347 0

Бүгінде жаңа технологиялардың қарыштап, дамыған заманында білімді маман өте қажет. Аллаға шүкір, ұлтымыздың ұлттық құндылықтары жаңғырып, халқымыздың діни сауаты артып келеді. Сондықтан да мемлекетімізге сауатты, еңбекқор, қабілеті жоғары, кез келген діни мәселені байыппен, байсалдылықпен шеше алатын білімі мен біліктілігі толысқан имам-молдалар қажет. Діни һәм ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, өркениет көшінен кенже қалуға болмайды. Бұл туралы "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай осы айда Қазақстанның барлық аймақтарындағы имам-молдалар сынақтан өткізілуде.

Бүгін Жамбыл облысының имамдары мен молдаларына арналған сынақ өз мәресіне жетті. Аталмыш сынақ 7-24 наурыз аралығында өткізілді. Сынақты ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев қабылдады. Дін өкілдері ҚМДБ тарапынан қабылданған 4 құжаттан, яғни, "Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы", "Имамның тұлғалық келбеті", "Мұсылманның тұлғалық бейнесі" және "Дін мен дәстүр" бағыттары сондай-ақ, діни пәндер бойынша сынақтан өтті.

Жамбыл облысында жалпы 284 мешіт бар. Тараз қаласы бойынша 29, Байзақ ауданы бойынша 25, Жуалы ауданы 28, Жамбыл ауданы 28, Қордай ауданы 52, Меркі ауданы 23, Мойынқұм ауданы 12, Сарысу 13, Т.Рысқұлов 31, Талас ауданы бойнша 19, Шу ауданы бойынша 23 мешіттің имамдары сынақ тапсырды.

Сынақ қорытындысы бойынша, жалпы 283 адам қатысып, 94 имам "өте жақсы", 92 имам "жақсы", 85 имам "қанағаттанарлық" деген баға алса, 12 имам қайта сынақтан өткізілуге жіберілді.

Бұл жыл сайынғы сынақтан өту дін мамандарының ілімін арттырып, біліктілігін күшейтіп отыруға жол ашпақ.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!