Қазақстан вокзалдары ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда

Фотография - Қазақстан вокзалдары ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық аясында темір жол вокзалдарында арнайы баннерлер ілініп, тақырыптық бейне роликтер түсіріледі

177 0

Астана, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды, Көкшетау, Бурабай шипажайы вокзалдарының қызметкерлері халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысында ағылшын тілін үйренуде, деп хабарлайды Baq.kz.  

Вокзалдардың кезекшілері, анықтама бюросының қызметкерлері, дикторлар екінші жарты жылдықта тіл үйренуге кіріседі. Ағылшын тілін үйрену барысында темір жол саласының өзіндік ерекшелігі де қарастырылған. Ол арқылы қазақстандық вокзалдардың шетелдіктерге қызмет көрсету сапасы жақсарып, оларға билет алуға, бағдарларды анықтауға жәрдемдесетін болады.

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық аясында темір жол вокзалдарында арнайы баннерлер ілініп, тақырыптық бейне роликтер түсіріледі.

Вокзалдарда халықаралық "ЭКСПО -2017" көрмесі қарсаңында билет кассаларын ашу жоспарлануда. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!