Bek Air басшысы ұшақ шассиінің ашылмауы жайында: ештеме жасырмақ емеспіз

Фотография - Bek Air басшысы ұшақ шассиінің ашылмауы жайында: ештеме жасырмақ емеспіз

Авиакомпания Fokker-100 ұшағымен болған жайтты тергеу барысын хабарлап тұруға уәде берді

332 0

Bek Air авиакомпаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің техникалық актісіз Fokker-100 ұшақтарын пайдалануға тиым салу туралы талабы жайында өз пікірін айтты, деп жазады Today.kz. Жұмасұлтановтың сөзінше, ұшақтарға құжат 27 наурыз күні – Bek Air ұшағының Астанада дөңгелексіз апатты жағдайда қонғаннан кейін бірден алынып қойған. Қазіргі кезде авиокомпанияның бұл типтегі барлық ұшақтары қолданыста.

"Жеделхат кеше түстен кейін келді. Ұшақтардың алдыңғы және негізгі дөңгелектерінің шығарылуы мен жиналуы жүйесі жұмыс атқара алатынына бір реттік тексері жүргізу керек болды. Кеше бұл жұмыстар жүргізілді және барлық құрылғы істе екені туралы акт жолданды. Ұшақтар қолданыста және қазіргі кезде қалыпты ұшып жүр", - дейді Нұрлан Жұмасұлтанов.

Апаттық ұшақ жайына келсек, Bek Air басшысы тергеу амалдары барысын қоғамнан жасыру ниеті жоқтығын айтты.

"Қалай болса да, біз ол жерден не анықтасақ та сайта орналастырамыз. Ешкім ештеме жасырмақ емес. Сіздерден гөрі ол жерде не болғанын білу бізге аса маңызды", - дейді Жұмасұлтанов.

Авикомнаияның ұшақ паркінде сегіз Fokker-100 ұшағы бар, оның алтауы ҚР қолданыста екенін айта кетейік.

Естеріңізге салсақ, оқиға наурыздың 27 күні боды. Bek Air авиакомпаниясының Fokker-100 ұшағы Қызылордадан Астанаға ұшып келген кезде алдыңғы дөңгелектері ашылмай қалған. Бірнеше рет қонуға тырысқаннан кейін ұшақты апаттық жағдайда қондыруға рұқсат берілді. Бұл кезде ұшақ бортында 121 адам болған: 116 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі, ешкім зардап шекпеді. ҚР Көліктік бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Тергеумен ҚР ИДМ құрған арнайы комиссия да айналысады. Сонымен бірге Азаматтық авиация комитеті де Fokker-100 ұшақтарының қолдануына рұқсат беруді қатаңдатып тастады. ИДМ басшысы Әсет Исекешев оқиға орнында болып қайтқаннан кейін ұшақ экипажын мемлекеттік сыйлыққа ұсынуға уәде берді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!