Танымал блогер аптты ұшақтың ұшқыштарын марапаттаудың қажеті жоқтығын айтты

Фотография - Танымал блогер аптты ұшақтың ұшқыштарын марапаттаудың қажеті жоқтығын айтты

Олардың да өмір сүргісі келді және қонар кезде компания басшыларын барынша балағаттағандарына сенімдімін", - деп жазған блогер.

182 0

Астанада апатты жағдайда қонған Bek Air ұшағының ұшқыштарын марапаттаудың қажеті жоқтығын жазған Қазақстан блогерлер қауымдастығының басшысы Ғалым Байтүктің жазбасы желі пайдаланушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

Блогер ұшқыштарды марапаттаудың қажеттігіне күмәнмен қарайтынын ашық жазған. Себебі, оның ойынша, ұшқыштар өзгелердің өмірімен қоса, өз өмірін құтқарумен болған.

"Сіздер бұл қаһармандардың іш-киімін көрдіңіздер ме? Кей жолаушылардыкі секілді олардың да бір жері су болған шығар? Олар жолаушыларды ғана құтқарды ма? Олардың да өмір сүргісі келді және қонар кезде компания басшыларын барынша балағаттағандарына сенімдімін", - деп жазған блогер.

Байтүк оларды марапайттайтын болса, өзгелер де марапатқа ұсынылуы керектігін алға тартқан. Мәселен, доллар кезінде бар-жоғы 250 теңге болғаны үшін Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Келімбетовті, BI groop-пен салынған үйлерден құлаған керамограниттердің бірде-бірі адамды өлтірмегені үшін BI Group компаниясының басшысы әрі меценат Айдын Рақымбаевты" және тағысын тағыларды.

Блогердің ойынша, шасси автоматты түрде іске қосылмаса, оны қолмен ашудың мүмкіндіктері кез-келген ұшақта қарастырылған. Осы орайда Байтүк шассиді қанша уақыт өтсе де аша аламаған ұшқыштардың тәжірибелігін және ұшақтың сапасын сөз етті.

"Шасси - ұшақтың маңызды бөлшектерінің бірі. Шассидің іске қосылмауы сирек кездеседі, себебі оны істеттірудің бірнеше амалы қарастырылған. Ең қарапайымы - шассиді қолмен шығару. Яғни бұл ұшақтың барлық жүйесі істен шыққанын, қолмен шығару жүйесінің де істемегенін аңғартады. Бұл өз алдына техникалық ақаулардың болғанын бірден байқатады. Қылмыстық істі дереу қозғау керек. Боинг секілді ірі ұшақтарда да шассиді қолмен іске қосу мүмкіндігі бар. Ақпарат бойынша, ұшқыштар тәжірибелі, бірақ, тіпті олар шассиді іске қоса алмаған. Сұрақтар өте көп", - деп жалғастырды блогер.

Бұған желі қолданушыларының дені ашулы пікірлер қалдырған. Олар блогердің осындай жазбаны қызғаныштан жариялағанына сенімді.

Айта кетерлігі, бұған дейін қоғам белсендісі Сырым Әбдірахманов Bek Air ұшқыштарына «Халық қаһарманы» атағын беруді ұсынғанын хабарлаған болатынбыз.

Еске салсақ, жақында Bek Air компаниясының ұшағы Астана әуежайына алдыңғы шассисіз қонған еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!