Алматы әкімдігінің қызметкерлері жаппай велосипедпен жүрмекші

Фотография - Алматы әкімдігінің қызметкерлері жаппай велосипедпен жүрмекші

Жазба авторының айтуынша, велосипед қожайындары арасында басқарма басшылары, баспасөз қызметіндегілер мен әкімнің кеңесшісі бар.

549 0

Бұл туралы қала басқрамасы қызметкерлерінің бірі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Ол дәлел ретінде әкімдік тұрағының фотосын бірге жариялаған. Бұл туралы nur.kz сайты жазады.

Интернет қолданушылары жаңалыққа әзіл пікірлер қалдырып үлгерген.

"Бәрі айдан анық – олар тұрақта 24/7 кестесімен тұрады",  "Ал великтер кімдікі? Жеке ме, әлде мемлекеттік пе?", "Онда әкімдікке киім ауыстыратын бөлме мен душ кабиналарын да орнатуға тура келеді... Әйтпесе, таңғы веложүгірістен кейін олар қалай жұмыс істейді?", - деп жазған желі қолданушылары.

Жазба авторының айтуынша, велосипед қожайындары арасында басқарма басшылары, баспасөз қызметіндегілер мен әкімнің кеңесшісі бар.

Еске салсақ, жақында Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңа джипі мен қызметтік "Мерседесін" мінуден бас тартып, қоластындағылармен бірге велосипедке көшетінін мәлімдеген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!