Астана соты діни бірлестіктер басылымын таратуға тиым салды

Фотография - Астана соты діни бірлестіктер басылымын таратуға тиым салды

Сот шешімімен "Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік орталығы" өңірлік діни бірлестігіне діни басылымдарын тасымалдауға тыйым салынды

132 0

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынның шешімімен "Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік орталығы" өңірлік діни бірлестігіне діни басылымдарын тасымалдауға тыйым салынды. Экономикалық соттың судьялары А.Досжанова мен А.Жамансариева діни басылымдардың "Мәдениет және спорт министрлігінің" және "Дін істері жөніндегі комитетінің" сараптамасына сәйкес бас тартылғаны түсіндірілді, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Алғашқы рет 1992 жылы дін саласын реттейтін заң қабылданды. Бірақ, уақыт өте келе заңның көптеген нормаларының ескіргенін, заңды заман талабына сай қайта жаңғыртудың қажеттігі туды. Осылайша, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" жаңа заң қабылданды. Заңды қабылдау мемлекеттің, діни бірлестіктердің және тұтас қоғамның мүддесін тепе-тең ұстауға ұмтылған Қазақстанның діни саясатын дамытудың жаңа кезеңіне жол ашты. Заңға сәйкес, діни бірлестіктер қайтадан мемлекеттік тіркеуден өтті. Сондай-ақ, қайта тіркеу кезінде олардың құрылтай құжаттарын діни сараптамадан өткізу міндеттелді. Осылайша, тіркеуде болған 4551 діни бірлестік қайта тіркеуден кейін 3088-ге дейін қысқарды.

 

"Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік орталығы" өңірлік діни бірлестігі 2015 жылы орыс тіліндерінде "Пробудитесь!", "Чему на самом деле учит Библия", "Сохраняйте себя в Божьей любви" басылымдарын тасымалдап, таратуды қолға алған. Бірақ, діни зерттеулер сараптамасы бұл басылымдарды таратуға рұқсат бермеген.

Сот діни басылымдарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және қоғамда қалыптасқан адамгершілік нормаларына сәйкес келмейді деп тапты. Содай-ақ, сот талқылауында діни бірлестіктің діни зерттеу сараптамасын өткізудің қағидасын, әрі діни зерттеу сараптамасын өткізу әдістемесін бұзғанын, олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрекет етпегендіктерін анықтады.

Шарада халықтың құқықтық мәдениетін дамыту, жас ұрпақты төзімділік және әлеуметтік жауапкершілік рухында тәрбиелеу, ел азаматтарының діни сауаттылығын артыру және зайырлы білім берудің сапалық деңгейін көтеру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, БАҚ-тар арқылы еліміздегі діни ахуалды нанымды баяндау, экстремизм мен терроризм көріністерінің адамгершілікке қарсы құбылыс екенін айқындайтын материалдар жазылу керектігі жоспарланды., делінген таратылған баспасөз хабарламасында.

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!