Астаналық өрт сөндіру бөлімі еліміздегі үздік бөлімдердің қатарында

Фотография - Астаналық өрт сөндіру бөлімі еліміздегі үздік бөлімдердің қатарында

Байқау қорытындысы бойынша, елордалық құтқарушылар 1274 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады

121 0

"Қазақстан Республикасындағы 2016 жылғы үздік өрт сөндіру бөлімі" байқау-конкурсында Астана қаласы Өрт сөндіру қызметінің №8 өрт сөндіру бөлімі 2-ші орын алды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Алғашқы ведомствоішілік кезеңде өрт депосы ғимаратының іші, өрт техникасы, байланыс құралдары, өрт сөндіру бөлімінің өрт-техникалық жабдықталуы бағаланды. Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша Астана қаласы Өрт сөндіру қызметінің №8 өрт сөндіру бөлімі үздік деп танылды.

Конкурстың екінші кезеңінде нормативтік құқықтық актілерді білу бойынша тестілеу өткізіліп, қатысушылар әзірлеген рефераттар, фотоальбомдар, бейне материалдар, бірінші кезең бойынша бағалау ведомостілеріқаралды. Бұдан басқа, қатысушылардың дене шынықтыру дайындығын тексеру мақсатында биылғы жылы үміткерлер өрт-құтқару спорты бойынша келесідей нормативтерді тапсырды: оқу мұнарасының 4-ші қабатына шабуыл баспалдағымен көтерілу, 100 метрлік кедергісі бар жолды жүгіру мен қысымды ауа аппаратын тексеру.

Байқау қорытындысы бойынша, елордалық құтқарушылар 1274 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Өрт сөндіру бөлімі Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!