Америкалық екі айда Қазақстанды жаяу жүріп өтпекші

Фотография - Америкалық екі айда Қазақстанды жаяу жүріп өтпекші

Ол өзінің 7 жылда әлемді аралап шығу туралы жоспарымен бөлісті.

128 0

Саяхатын ол 2013 жылы Эфиопияда бастаған.

Америкалық журналист және жазушы Пол Салопек екі айда Қазақстанды жаяу аралап, "National Geographic" журналында саяхаты туралы жазуды жоспарлауда.

Америкалық сәрсенбіде Астанада "National Geographic Kazakhstan" журналының жарыққа шығуына байланысты ұйымдастырылған шараға қатысты. Ол өзінің 7 жылда 2лемді аралап шығу туралы жоспарымен бөлісті. Саяхатын ол 2013 жылы Эфиопияда бастаған.

"Әдетте қандай да бір ел туралы жазатын жазушылар мен журналистер онда екі апта ғана өткізеді. Ірі қалаларға келіп, көлікпен жүреді, алайда менің саяхатымның айырмашылығы мен жаяу жүремін, барынша көбірек тоқтап, жергілікті адамдарда қонам, тіпті мешітте ұйықтадым. Әрине, Қазақстанда екі апта болу жеткіліксіз, бірақ, мен екі аптаға келетін журналистерге қарағанда көбірек мәлімет аламын деп ойлаймын", — деді Салопек кездесуде.

Қазақстанда Салопек көптеген қалалар мен ауылдарға, шөл жерлер мен далада болып көрмекші, ғалымдарме, аңшылармен, мұнай саласындағы мамандармен, сондай-ақ балалармен сөйлесуді жоспарлауда.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!