Сәуір айында Петропавл әуежайы жөндеу жұмыстарына жабылады

Фотография - Сәуір айында Петропавл әуежайы жөндеу жұмыстарына жабылады

Енді күзде Петропавл әуежайы халықаралық деңгейдегі әуе кемелерін қабылдайтын болады.

105 0

Осылайша, былтыр басталған шаруалар биыл да жалғасын таппақ. Мұнда ұшып-қону жолағы мен жолаушылар терминалы қайта қалпына келтіріледі. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 2 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр. Жалпы айта кету керек, аталған нысанда соңғы рет жөндеу жұмыстары 1974 жылы жүргізілген. Енді күзде Петропавл әуежайы халықаралық деңгейдегі әуе кемелерін қабылдайтын болады. 

Бейбіт Исманов, облыстық жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының басшысы: 

- Ресей, Қытай және Еуропа елдеріне транзиттік рейстер ашуға көптеген ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Сондықтан шаруаларды тездетеміз. Жаңа қондырғылар қойылады. Бұйыртса жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!