Серікбай қажы Ораз: "Имам қырағы болуы тиіс"

Фотография - Серікбай қажы Ораз: "Имам қырағы болуы тиіс"

Оңтүстік Қазақстан облысының Орталық мешітінде өткен семинарға өңір бойынша 1000-ға жуық имам-молдалар қатысты.

135 0

Шымкент қаласында өткен "Ислам және тарих тағылымы" атты республикалық семинарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары Серікбай қажы Ораз дін қызметкерлеріне жүргізген дәрісінде осылай деді.

"Адамдар мешітке тек діни сұрақтарға жауап алу үшін ғана емес, отбасылық, қызметтік, денсаулық, тағы басқа мәселе төңірегінде имамнан кеңес сұрап келеді. Демек, кез келген мәселеге тап болған азаматтарымыз дін қызметкерінен ақыл-кеңес алу үшін мешітке келеді. Ал имам тек дін қызметкері ғана емес, ұстаз, кеңес беруші ақылгөй адам, пендеге үміт сыйлап, жақсылыққа бастайтын рухани көшбасшы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, имам қырағы болуы тиіс. Өйткені, қазір ақпарат пен технологияның дамыған заманы. Біз, дін қызметкерлері заманның осындай үрдістерінен әсте қалыс қалмауымыз қажет", – деді Серікбай Сатыбалдыұлы.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының Орталық мешітінде өткен семинарға өңір бойынша 1000-ға жуық имам-молдалар қатысты.

muftyat.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!