Астанада Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

Фотография - Астанада Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова Қоғамдық келісім кеңесін құрудың мақсаты туралы айтып берді

358 0

Елорда әкімдігінде Астана қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оған Қоғамдық келісім кеңесінің, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Астана қаласының ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова Қоғамдық келісім кеңесін құрудың мақсаты туралы айтып берді, оның қызметінің басты бағыттарын бөліп көрсетті.

Елордалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Әміржан Әлпейісов бірлестіктің бірінші тоқсандағы қызметінің қорытындысын шығарып, алға қойылған міндеттерге тоқталды.

– Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты біз де халық пен билік арасындағы көпір болуымыз керек, тек біздің Кеңес жұмыс органы, ол адамдармен жұмыс істейді. Біз өткізген маңызды шаралардың бірі – ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Мәңгілік ел" пойызы. Ол көптеген мәселелерді шешуге ықпал етті. Белсенділер 35 күннің ішінде барша Қазақстанды аралап шықты, түрлі міндеттерді шешуге атсалысты, оның құрамында 300 адам, соның ішінде Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық қайраткерлер, этномәдени орталықтардың өкілдері және т.б. болған. Шараның қорытындысы бойынша барлық сауалдар Президент Әкімшілігіне жолданды, – деді Ә. Әлпейісов.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық келісім кеңесінің елордадағы қызметін белсендіру және оның дамуын институционалдық ынталандыру, алдағы перспективалар анықталды. Әдеттегідей, Кеңес мүшелері қазақстандық қоғамда толеранттылық пен ұлттық бірлікті дамытуға ықпал етеді, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бірыңғай тәсілдерді әзірлейтін болады. 

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!