Қалада тазалықты ұдайы сақтап жүру керек

Фотография - Қалада тазалықты ұдайы сақтап жүру керек

Отырыс барысында елорданың сыртқы келбетіне қатысты мәселелер көтерілді

196 0

23 сәуірде Астанада экологиялық айлық пен жалпықалалық сенбіліктер басталады. Бұл туралы бүгін Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Отырыс барысында елорданың сыртқы келбетіне қатысты мәселелер көтеріліп, осы бағыттағы жұмыстар айтулы даталарға орайластырумен ғана шектелмеуі тиіс екендігі атап өтілді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада халық пен бизнестің белсенді қатысуымен "таза бейсенбі" шаралары, экологиялық полициямен бірге рейдтер тұрақты түрде өткізілуі керек. Бұл ретте әрбір қала тұрғыны, әрбір кәсіпкер немесе ұйым елорданы абаттандыруға қатысты екендігін сезінуі керек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!