Б.Бақауов су тасқынына қарсы дайындықты тексерді

Фотография - Б.Бақауов су тасқынына қарсы дайындықты тексерді

Өңір басшысы Теңдік ауылы жанындағы көпірдің жағдайын өз көзімен қарап шықты

105 0

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Баянауыл ауданында жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында аймақ басшысы Қара ащы, Теңдік ауылдарының су тасқынына қарсы дайындығын тексерді, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Өңір басшысы Теңдік ауылы жанындағы көпірдің жағдайын өз көзімен қарап шықты. Өткен жылы көпірдің Ащысу өзені үстіне салынған тірегі ағын суға шыдас бермеген еді. Соның салдарынан ауылда төтенше жағдай қалыптасып, алты тұрғын үй, төрт шаруашылық құрылысы суға кетіп, 99 тұрғын және 162 бас мал көшірілген болатын.
Биылғы көктемге дейін көпір нығайтылып, өзен арнасы дұрысталды, енді судың жолына кедергі жоқ. "Қарағандылық Ақжар су қоймасынан келетін су ағыны толық көлемде жүріп жатқанымен, ауданда су деңгейінің жағдайы тұрақты", - деп атап өтті ТЖ бойынша департамент басшысы Әлібек Ділімов. - Наурыздың соңында Қара ащы ауылының маңында айнала бөгет салынды. Қазір қар кеткен аймақ 70 пайызды құрайды, қар таулы жоталарда ғана қалды. Осыған байланысты, қорғаныш топырақты 800 метрге дейін ұзартуға шешім қабылданған болатын.
Ә. Ділімовтің айтуынша, тасқын жағдайы үнемі бақылауда, аудан бойынша тәулік бойы бақылау жүргізіліп, төтенше жағдай қызметтері қауіпке қарсы сақадай-сай тұр.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі Болат Бақауов апатты жағдай болдырмау үшін Баянауыл ауданының басшылығы мен облыстың ТЖ қызметтеріне Қарағанды облысының төтенше жағдай департаментімен байланыс орнату жөнінде нақты тапсырмалар берді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!