Ақтөбе облысында екі бірдей қымыз цехы ашылмақ

Фотография - Ақтөбе облысында екі бірдей қымыз цехы ашылмақ

2016 жылы Қобда ауданында бірден екі цех ашылады

586 0

2016 жылы Қобда ауданында бірден екі цех ашылады. Қымыз өндіру жөніндегі екі жоба да шағын цехтар ашу жөніндегі пилоттық жобаларды жүзеге асыру аясында қолға алынады, деп хабарлады "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен баспасөз мәслихатында Қобда ауданының әкімі Асқар Жүсібәлиев.

Отбасылық шағын фермаларды ашу жөніндегі жоба Қобда ауданында сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жобаны жүзеге асыруға 90-ға тарта адам қызығушылық танытты.

"Жоба аясында 2016 жылы жалпы құны 263 млн теңге болатын 18 бордақылау алаңы, 5 шағын сүт және құс фермасы, 3 жылыжай, 5 шағын наубайхана, қымыз өндіру жөніндегі цех және өзге де қызмет көрсету нысандары ашылады. Шағын фермалар өндіретін кейбір өнім көрші аудандар мен облыс орталығына жеткізіледі. Тек бір цех тәулігіне 250 литр сүт өндіреді. Бүгінде Ресейден жабдықтар күтіп отырмыз, жаз айларында пайдалы өнімді дүкен сөрелеріне шығарамыз", - деп атап өтті Қобда ауданының әкімі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту мақсатында биыл ауданда қуаттылығы тәулігіне 10 мың тонна болатын сиыр сүтін өндеу жөніндегі кешеннің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге жергілікті шикізаттан макарон мен өсімдік майын өндіретін цехтар ашылады.

2015 жылы Қобда ауданы ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 10,5 млрд. теңге болды. Аудандағы ауыл шаруашылық құрылымдары 225 миллион теңге көлемінде субсидия алды. Қазіргі таңда Қобда ауданы өзін-өзі көкөніспен толық қамтамасыз ете алады. Өз кезегінде 2016 жылы 7,3 мың гектар алқапқа дәнді дақыл себу жоспарланып отыр. 3 мың гектар алқапқа майлы дақыл, 11,7 мың гектар алқапқа жем, 393 гектар жерге бақша өнімдерін егу жоспарда бар. Биыл суармалы жер толық көлемде пайдаланылатын болады.

Асқар Жүсібәлиевтің айтуына қарағанда, соңғы жылдары мал басы саны көбейді, оның ішінде «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы барысында асыл тұқымды мал шаруашылығы дамып келеді. Бүгінгі таңда Қобда ауданында мал басы саны 29 147, ұсақ мал саны - 80 486, жылқы саны – 6991, делінген таратылған баспасөз хабарламасында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!