Семейлік үш ғасырлық көне монеталарды заңдастырмақ болған

Фотография - Семейлік үш ғасырлық көне монеталарды заңдастырмақ болған

Бұл туралы қалалық комиссиядағылар айтып отыр

332 0

Семей қалалық әкімдігі жанындағы мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссияға жақында бір азамат келіп, өзінің Қабанбай батыр дәуіріндегі теңгелерін заңдастырғысы келетінін айтқан.

Алайда комиссия мүшелері монеталардың жылжымайтын мүлікке жатпайтындығына байланысты заңдастырудан бас тартыпты. Көне теңгелердің иесіне мемлекеттік кіріс жөніндегі басқармаға бару керектігі айтылыпты. Семей тұрғыны 3 ғасырлық тарихы бар бұйымдардың отбасылық құндылық екенін және оны заңдастыру арқылы болашақта сатқысы келетіндігін айтқан. Бұл туралы қалалық комиссиядағылар айтып отыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!