Астанада ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің жәрмеңкелері өткізіледі

Фотография - Астанада ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің жәрмеңкелері өткізіледі

Елорда тұрғындары таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін өнімдерді қалалық базарлардағы бағалардан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып ала алады

290 0

Астанада 22 сәуірде ауыл шаруашылық жәрмеңкелер маусымы ашылады, алғашқы шаралар "Думан" ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда өтеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елорда тұрғындары күн сайын сағат таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін өнімдерді қалалық базарлардағы бағалардан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкеде негізгі азық-түлік өнімдерінің түр-түрі, атап айтқанда Ақмола мен Қарағанды облыстарынан әкелінген көкөніс, жеміс, ет, сонымен қоса қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.

Астана қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына жол бермеу және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында жыл сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізеді. Ауыл шаруашылық жәрмеңкелері елордада күздің соңына дейін жалғасады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!