Павлодар облысында 360 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

Фотография - Павлодар облысында 360 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов "Манақбай" СҮ, "Успен", "Арзандау", "Жұлдыз" дүкендерін аралап, тексерді

319 0

Павлодар облысында 360"әлеуметтік" дүкен жұмыс істейді, олардың ішінде: облыс орталығындағы 31 сауда нысаны және Павлодар қаласының ауылдық аймағында бес дүкен бар, деп хабарлайды павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов "Манақбай" СҮ, "Успен", "Арзандау", "Жұлдыз" дүкендерін аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тексерді. Сондай-ақ, аймақ басшысы әлеуметтік тауарлар бағасының ресми рұқсат етілген 10 пайыздық шегінен аспауын және әлеуметтік тауарлардың толық топтамасының болуына да назар аударды. 
- Қаланың барлық дүкендеріндегі азық-түлік тауарларының бағасына күн сайын мониторинг жүргізу қажет. Сонымен бірге, әрбір әлеуметтік дүкенде азық-түлік тауарларының бағасы көрсетілген ақпараттық стендтер орнату қажет, - деді облыс әкімі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!