Павлодар облысында өткен жылы 97 оқушы ана атанған

Фотография - Павлодар облысында өткен жылы 97 оқушы ана атанған

2015 жылы жүктілік бойынша 15-18 жас аралығындағы 120 жасөспірім қыз есепке алынған.

859 0

Павлодар облысында былтырғы жылы 15-18 жас аралығындағы 97 қыз ана атанған. Сондай-ақ 43 бойжеткен жасанды түсік жасатқан, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. 

Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауалына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов мәлім етті.

- 2015 жылы жүктілік бойынша 15-18 жас аралығындағы 120 жасөспірім қыз есепке алынған. Олардың 93-і жүктіліктің 12-ші аптасында жүгінген. Ал 97-сі дүниеге сәби әкелген: оның ішінде 90-ы жедел түрде, жетеуі мерзімнен бұрын босанған. 43 жағдайда жасанды түсік жасалған, - деп жазылған Нұрлан Қасымовтың жауабында. Десе де, ведомство ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өткен жылы облыстың емдеу-алдын алу ұйымдары бюджеттен тыс 3 млн 408 мың теңгеге сатып алған қорғаныш құралдарын ересек өмірге ерте кіріскен қыздар мен әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерге тегін таратқан. Бұл мәселеге қатысты облыстық білім беру басқармасы жасөспірімдердің ерте есеюге асығуына ата-аналар кінәлі деп есептейді. - Өкінішке орай, «күптеген жүктілік» пен ерте жыныстық өмірдің алдын алуға арналған бірыңғай әдіс-тәсілдер жоқ. Көбінесе, отбасындағы тәрбие қыздардың от басуына түрткі болады, - деп жазылған облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Тамара Иванованың ұсынған ресми жауабында. Қос басқарма мен білім беру мекемелерінде хабарлағандай, салауатты өмір салтын ұстану, адамгершілікке тәрбиелеу және жеке гигиенаны сақтану бойынша сабақтар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұған қоса, ұстаздармен бірге әлеуметтік педагогтар, психологтар да тыңбай еңбек етуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!